«2021 - 2023 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН УӘЛИХАНОВ АУДАНЫ БИДАЙЫҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ БЮДЖЕТІ ТУРАЛЫ» АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ 2020 ЖЫЛЫ 08 ҚАНТАРДАҒЫ №5-66C ШЕШІМІН ІСКЕ АСЫРУ ТУРАЛЫ
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 04 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 79 бабына, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403, «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» 2014 жылғы 04 желтоқсандағы № 540 бұйрықтарына сәйкес ауылдық округінің әкімі м.а. ШЕШІМ қабылдайды:
1. 2020-2022 жылдарға, cоның ішінде 1 қосымшаға сәйкес 2021 жылға арналған Бидайық ауылдық округінің бюджеті келесі көлемде орындауға қабылдансын:
1) кірістер – 48932 мың теңге, соның ішінде мыналар бойынша:
салықтық түсімдер – 1695 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 130 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
трансферттер түсімі – 47107 мың теңге;
2) шығындар – 48932 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо –0 мың теңге, соның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0 мың теңге, соның ішінде:
қарыздар түсімі – 0 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 0 мың теңге;
бюджет қаражатын пайдаланылатын қалдықтары – 0 мың теңге.
2. Бас маман-есепшіге Э.Е.Ильясоваға:
1) 2021 жылға арналған міндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) қаржыландыру жоспар жобаларын, оларға бюджеттік заңнамамен белгіленген мерзімде айларға бөлінуі негізделген есептерді «Уәлиханов ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» КММ бөліміне ұсынылсын;
аудандық салық басқармасына бюджет түсімдердің айларға бөлінген болжамдарын бюджеттік заңнамамен белгіленген тәртіпте ұсынсын.
2) ауылдық бюджеттен қаржыландырылатын азаматтық-құқықтық шарттарын белгіленген тәртіпте тіркеуді қамтамасыз етсін;
3) Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 04 желтоқсандағы № 434-V Заңы 5 бабы 2 тармағына сәйкес жылдық мемлекеттік сатып алу жоспарларының бекітілуін және олардың уәкілетті органға ұсынылуын қамтамасыз етсін;
4) дебиторлық және кредиторлық қарыздың талдауын жүргізсін және ол жеке қаржыландыру жоспарларын құрастыру кезінде ескерсін;
5) қызметкерлеріне толық көлемде еңбекақы төлеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімді орындау үшін жауапты жетекші маман-есепші Э.Е.Ильясова белгіленсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Бидайық ауылдық әкім округі Т.Қүйшбаева












