«ТӨРЛЕТ ТӨРIМЕ, 2020 ЖЫЛ»
2019 жылдың 30 желтоқсанында жылдағы дәстүрге сай, Жаңа жыл қарсаңында Бидайық Демалыс орталығы қызметкерлерi кiшкентай бүлдiршiндерге арналған ертеңгiлiк ұйымдастырды. Мерекелiк шырша жанына жиналған бүлдiршiндер бұл ертеңгiлiкте ескi доңыз жылына алғыс айтып, шығарып салып, жаңа тышқан жылын қарсы алды. Биылғы жаңажылдық шара қызыққа, түрлi ойындарға, сый-сияпатқа толы болды.
Ертегi кейiпкерлерi балалардың көңiл-күйiн барынша көтеруге тырысты. Ертегi әлемiнiң кейiпкерлерiне енген қызметкерлер «Төрлет төрiме, 2020 жыл» қойылымын сахналады. Ал мерекенiң басты қонағы Аяз Ата мен Ақшақар өнерлерiн көрсеткен балаларға сыйлықтарын үлестiрдi.
Жаңажылдық ертеңгiлiкке келген бүлдiршiндердiң жанарында қуаныш, жүздерiнде қамсыз балалық шақтың шаттығы бар. Ал, олардың ата-аналары жаңа жыл қарсаңында бастарын қосқан Бидайық әкiмдiгi ұжымына алғыстарын бiлдiрдi.
Әлбетте мұндай шаралардың мақсаты балаларға мерекелiк көңiл күй сыйлау. Өткен iс шара — соның айғағы.
















