ОРТАҚ БІЗДІҢ ЖЕРІМІЗ!
Жыл сайын атаулы мерекеде Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды.
Еліміздегі этностарды бұрынғыдан да жақындастыру үшін бүкіл Қазақстанда жаппай патриоттық шерулер өтеді. Бүгінде «Достық» атты бір шаңырақ астына шоғырланған әрбір ұлттық-мәдени орталықтар мерекеде ән айтып, би билеп, жалпыхалықтық мейрамда дәстүр мен салтқа толы түрлі көріністер көрсетіледі. 2019 жылдың 30 сәуір күні Бидайық Демалыс орталығында 1 мамыр — Қазақстан Халықтарының бірлігі күні мерекесіне орай «Ортақ біздің жеріміз!» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шара салтанатты шеруге ұласты.












