«АУЫЛ ЕҢБЕККЕРЛЕРIНЕ ҚҰРМЕТ!»
2018 жылдың 5 желтоқсан күнi Бидайық ауылының Демалыс орталығында Ауылшаруашылық қызметкерлерi күнiне арналған «Ауыл еңбеккерлерiне құрмет!» атты мерекелiк iс-шара өттi. Iс-шараға Бидайық ауылдық округiнiң ауылшаруашылық қожалықтарының басшылары шақырылды. Бидайық ауылдық округiнiң әкiмi Т.О. Күйшiбаева жиналған қонақтарды құттықтап, денсаулық, бақыт, молшылық және еңбектерлерiңiз өнiмдi болсын деп тiледi. Бiздiң ас қоймамызды толтыратын адамдарға арналған округ өнерпаздары өнерлерiн паш еттi. Iс-шара мерекелiк дастарханмен жалғасты.














