ДОСЫМЫЗДЫҢ РУХЫНА АРНАЛҒАН ТУРНИР
2018 жылдың тамыз айының 25 күнi Бидайық ауылында досымыз, жерлесiмiз Сатыбалдин Дәурендi еске алуға арналған, ауылдың жастарымен ұйымдастырылған, футбол турнирi өткiзiлдi. Даурен көптеген спорттық iс-шараларға белсене қатысып, ауылдың дәрежесiн көтерген азамат болатын. Ол есiмiзде мейiрiмдi ақжүрек жан, адал дос, анасының сүйiктi ұлы болып қалады. Марқұм жайлы iзгi ниетпен анасы және туыстары, көзкөрген жора жолдастары сөз сөйледi. Бiр минуттық үнсiздiкпен еске алды.Турнирге сегiз команда қатысты: Бидайық ауылының екi жастар командасы және «Достар» командасы, Өндiрiс, Телжан, Ақтүйесай, Кiшкенекөл, Көбенсай ауылдарының командалары. Турнир қорытындысы бойынша IV-орынға Ақтүйесай командасы (20000 тенге), III-орынға Телжан ауылының командасы (30000 тенге), II-орынға Бидайық-2 командасы (40000 тенге), I-орынға Бидайық-1 жастар командасы (80000 тенге) ие болып, сәйкесiнше дипломдармен және кубоктармен марапатталды. Турнир соңында марқұмның рухына арнап ас берiлдi.












