Меню KDT
 "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Бидайық ауылдық округі әкімінің аппараты" КММ
«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ УӘЛИХАНОВ АУДАНЫ БИДАЙЫҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

АРДАГЕРЛЕР ТӘЛІМІ — РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ ҚАЙНАР КӨЗІ


2018 жылдың тамыз айының он бесiншi жұлдызында Бидайық ауылдық округiнiң Демалыс орталығында ауылдық бастауыш ұйымның төрағалары мен белсендi ардагерлерге арналған Аудандық ардагерлер ұйымның «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында ауданның 90-жылдығына арналған «Ардагерлер тәлiмi — рухани жаңғырудың қайнар көзi» тақырыбымен семинар ұйымдастырылып өткiзiлдi. Өткiзiлген шараға Ақтүесай, Ақбұлақ, Амангелдi, Қайрат, Қарасу, Қаратерек, Құлыкөл, Көктерек, Телжан округтерiнiң бастауыш ұйымның төрағалары мен белсендi ардагерлерi шақырылды. Семинарды Қалиев Сансызбай Мұхамедрақымұлы Аудандық ардагерлер кеңесiнiң төрағасы ашып, Елбасының үстiмiздегi жылғы Қазақстан халқына арналған Жолдауындағы басым бағыттарды жүзеге асыруда ардагерлер қауымына жүктелiп отырған мiндеттiн ауқымдылығын әңгiмеледi. Сондай-ақ Шахметов Сұнғат Камонұлы «Ардагерлер ұйымына басшылық жасау және ұйымдастырудағы бастауыш ұйымның рөлiн арттыру» тақырыбында баяндама жасап, бастауыш ұйымның рөлiн көтерудегi тәжiрибесiн ортаға салды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру жолдары» тақырыбында Аудандық «Ақ орамал» әйелдер ұйымының төрайымы, аудандық маслихат депутаты, «Орталықтандырылған кiтапхана жүйесiнiң» директоры және ардагерлер кеңесiнiң хатшысы Егiмбаева Күләш Нағымжанқызы баяндама жасады. Семинардың сонында еркiн түрде пiкiр алмасу өттi. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында ауданның 90-жылдығына орай Бидайық ауылдық округiнiң игiлiгiн арттыру жолындағы еңбегi үшiн округ әкiмi Торғын Олжабайқызы Күйшiбаева Алғыс хатымен және ауданымыздың 90-жылдығына арнап шыққан «Туған жер — киелi мекенiм» кiтабiмен марапатталды. Ардагерлерге арналып ауылымыздың қол шеберлерiнiң көрмесi ұсынылды. Қол шеберлерiмiз: Жунусова У., Кусаинова Т., Алдабергенова М., Хасенов Г., Каукенова Г., Кайкенова К., Мухамеджанова К. Ардагерлер кеңесiнiң Алғыс хаттарымен және сыйлықтармен марапатталды. Жалғасында қазiргi кезде оқушылардың ұлттық ойынға деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында балалармен қазақтың ұлттық ойыны — Асық ұйымдастырылды. Келген қонақтардың назарына ауылдың өнерпаздарының дайындаған ән — шашуы ұсынылып, дастархан жайылды.