Меню KDT
 "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Бидайық ауылдық округі әкімінің аппараты" КММ
«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ УӘЛИХАНОВ АУДАНЫ БИДАЙЫҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

ТӨРЛЕТ, ТӨРЛЕТ ЖАҢА ЖЫЛ!


2017 жылдың желтоқсан айының жиырма сегiзi күнi Бидайық Демалыс орталығында үйде отырған бүлдiршiндерге арналған Жаңа жылдық мерекелiк ертенгiлiк өттi. Бидайық ауылдық округiнiң әкiмi Торғын Олжабайқызы Күйшiбаева барша қонақтарды Жаңа жылдық мерекесiмен құттықтады. Балалар мерекеге әдемi киiнiп, көнiлдi күйлерiнде келдi. Демалыс орталығының қызметкерлерiнiң ұйымдастыруымен бүлдiршiндердiң назарына жаңажылдық ертегiсi ұсынылды. Ертегi әлемiнiң түрлi кейiпкерлерi: Қоян, Аю, Түлкi, Мыстан кемпiр және Аяз-Ата мен Ақшақар шыршаға қонаққа келдi. Кiшкентай бүлдiршiндерге Аяз-Ата мен Ақшақар орындалған тақпақтарына, әндерiне сыйлықтар бердi. Әдемi безендiрiлген шыршаның манында балалар Аяз-Атамен, Ақшақармен және ертегiнiң кейiпкерлерiмен естелiк суретке түстi. Ертенгiлiк барысында балалармен көнiлдi ойындар ойнатылып, мерекелiк көңiлдi күй жасалды.