ЕЛIМНIҢ ЕРКIНДIГI — ТӘУЕЛСIЗДIК!
2017 жылы желтоқсан айының 13 жұлдызында Бидайық ауылының Демалыс орталығында Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiк күнiне арналған «Елiмнiң еркiндiгi — Тәуелсiздiк» атты мерекелiк iс-шара өттi. Iс-шараға «Солтүстiк Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкiмдiгiнiң жер қатынастары бөлiмi» КММ-нiң басшысы Ибраимов Абай Айдарханұлы, Бидайық ауылдық округiнiң әкiмi Торғын Олжабайқызы Күйшiбаева, мектеп ұжымы мен оқушылар және ауыл тұрғындары қатысты. Iс-шараға шақырылған желтоқсан оқиғасының қатысушысы Аубакиров Рустем Асатұлына сыйлық табыс етiлдi. Елiмiздiң басты мерекесiне арналған шара сахналық қойылымнан басталды. Сахналық қойылымда 1986 жылы Алматының бас алаңында бейбiт жолымен тәуелсiздiкке қол жеткiзу үшiн барған жастардың бiрi Қайрат Рысқұлбековтың өмiрiнен ұзiндi көрсетiлдi. Ибраимов Абай Айдарханұлы жиналған қауымды үлкен мерекемен құттықтап — «Тәуелсiздiк күнi — ата-бабамыз аңсаған арманның жүзеге асқан, елiмiзге еркiндiк сыйлаған Ұлы күн. Осындай маңызы бар тарихи думанда елiмiздiң туы асқақтап, келешегi өркейе берсiн. Сiздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақыт, сәттi күндер, зор жетiстiктер тiлеймiн!», — деп өз тiлегiнде айтып өттi, сонымен қатар Бидайық ауылдық округiнiң әкiмi Торғын Олжабайқызы Күйшiбаева мерекемен барша қонақтарды құттықтап, ауылдың әлеуметтiк өмiрiне белсендi қатысқан азаматтарды алғыс хаттарымен марапаттады. Iс-шара ауыл өнерпаздарының концерттiк бағдарламасымен жалғасты.












