«ЕЛІМНІҢ ТАҒДЫРЫ — МЕНІҢ ТАҒДЫРЫМ»
2017 жылы қараша айының 30 жұлдызында Бидайық ауылының Демалыс орталығында Тұнғыш Президент күнiне арналған «Елiмнiң тағдыры — менiң тағдырым» атты салтанатты жиын өттi. Iс-шараға аудандық бiлiм бөлiмiнiң әдiскерлiк бөлiмшесiнiң меңгерушiсi Талант Қабылқақ, Бидайық ауылдық округiнiң әкiмi Торғын Олжабайқызы Күйшiбаева және ауыл тұрғындары қатысты. Торғын Олжабайқаза Күйшiбаева мерекемен барша қонақтарды құттықтап — «Жоғары Парламентiнiң бекiтуiмен 2012 жылы 1 желтоқсан Қазақстанда алғаш рет — Тұңғыш Президент күнi мемлекеттiк мереке ретiнде аталып өттi, бұл баршамыз үшiн қуанышты оқиға болды. Елбасына деген ел құрметiн айрықша айғақтауға арналған бұл мерекенiң дәстүрлi iс — шараға айналуға орны бар екенiн шынайы сезiм мен айтып өтуге тура келедi.», — деп өз тiлегiнде айтып өттi. Және де ауыл тұрғындарын Талант Қабылқақ құттықтап, денсаулық, жақсылық, ашық аспан тiледi. Салтанатты жиын мерекелiк концертпен жалғасты.














