ӨНДІРІС АУЫЛЫНДА АУЫЛДЫҚ КІТАПХАНАСЫ АШЫЛУЫ
Қарашаның жиырма сегізінші жұлдызында Бидайық ауылдық округінің Өндіріс ауылында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын жүзеге асыру аясында ауылдық кітапхана ашылды. Іс-шараға Уалиханов ауданының Орталықтандырылған кітапханалық жүйесінің директоры Егімбаева Күләш Нағымжанқызы, Бидайық ауылдық округінің әкімі Торғын Олжабайқызы Күйшібаева және ауыл тұрғындары қатысты. Кітапхана ашылу барысында аудандық кітапханалық жүйесінің директоры Егімбаева Күләш Нағымжанқызы, Бидайық ауылдық округінің әкімі Торғын Олжабайқызы Күйшібаева сөз сөйлеп, жиналған қауымды құттықтады. Ауыл тұрғындарының атынан Шайсултанов Тұрлыхан Хамидоллаұлы алғысын білдірді. Салтанатты лента кесу рәсімі аудандық орталықтандырылған кітапханалық жүйесінің директоры Егімбаева Күләш Нағымжанқызына және Өндіріс ауылының имамы Абдиров Қайдар қажыға беріліп, шашу шашылды. Іс-шара округ тұрғындарының өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламамен жалғасты. Сонымен қатар Өндіріс орта мектебінің кітапханасында қазақтын ақыны Ахмет Байтурсуновқа арналған конференция өтті. Бұл іс-шараға мұғалімдер, оқушылар және келген қонақтар қатысты.












