Меню KDT
 "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Бидайық ауылдық округі әкімінің аппараты" КММ
«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ УӘЛИХАНОВ АУДАНЫ БИДАЙЫҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

«ҚАРТТАРЫН ҚАДІРЛЕГЕН ЕЛ АРДАҚТЫ!»


Бидайық ауылдық округiнiң Бидайық, Өндiрiс және Жамбыл ауылдарында қарттар күнiне арналған мерекелiк iс-шаралар өттi. Қазан айының он сегiзiншi жұлдызында Бидайық Демалыс орталығында қарттар күнiне арналған «Қарттарын қадiрлеген ел ардақты!» атты мерекелiк iс-шара өттi. Бұл мерекеге Бидайық ауылының қарттары шақырылды. Қарияларға арнап мерекелiк концерт қойылды. Округ әкiмi Торғын Олжабайқызы Күйшiбаева мерекемен барша қонақтарды құттықтап — «Үлкендi сыйлау, оларға құрмет көрсету — ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Сiздердiң өмiрлiк тәжiрибелерiңiз бен ақыл-кеңестерiңiз, тәлiм-тағылымдарыңыздың бiз үшiн орны бөлек. Себебi, әрқайсыларыңыздың ауылдың өсiп-өркендеуiне қосқан үлестерiңiз бен еңбектерiңiз ерен», — деп өз тiлегiнде айтып өттi. Және де округ әкiмi қарттар күнiне арналған мерекелiк шараға шаруашылық, фермерлiк қожалықтарының басшыларына, жеке кәсiпкерлерге демеушiлiк көмек көрсеткендерiне ризашылығын бiлдiрдi. Қонаққа келген қариялар көңiлдерiн көтерiп, шараны ұйымдастырған Бидайық ауылдық округiнiң әкiмшiлiк және Демалыс орталығының қызметкерлерiне алғыстарын бiлдiрдi. Шараға денсаулықтарына байланысты қатыспаған зейнеткерлер мен мүгедектерге сыйлықтар үйiнде табыс еттiлдi.