Меню KDT
 "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Бидайық ауылдық округі әкімінің аппараты" КММ
«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ УӘЛИХАНОВ АУДАНЫ БИДАЙЫҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

«БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» АТТЫ МАҚАЛАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ АЯСЫНДА ӨНДІРІС АУЫЛЫНДА ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МҰРАЖАЙЫ АШЫЛУЫ


Қарашаның сегізінші жұлдызында Бидайық ауылдық округінің Өндіріс ауылында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын жүзеге асыру аясында тарихи-өлкетану мұражайы ашылды.Мұражайдың ашылу салтанатында аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Гүлнар Сағалиева, Бидайық ауылдық округінің әкімі Торғын Күйшібаева, ауыл ақсақалдары, мектеп ұжымы мен оқушылар қатысты. Саясат бөлімінің басшысы Гүлнар Сағалиева және Бидайық ауылдық округінің әкімі Торғын Күйшібаева жиналған қауымды құттықтап, ауыл тарихын өскелен ұрпақтың жадында мәнгі сақталуы үшін қолға алынған игі бастаманы әрі қарай жалғастырудағы мұғалімдер еңбегіне табыс тіледі. Сонымен қатар, Өндіріс орта мектебінің директоры Арай Ракишева ауылдастарымен мектеп ұжымына мұражай ашу туралы ұсынысын қолдап, жан-жақты қолдау көрсеткендері үшін ризашылығын білдірді. Салтанатты лента кесу рәсімі Жамбыл орта мектебінің директоры Адикенов Қайролла Мешелұлына және Өндіріс ауылының имамы Абдиров Қайдар қажыға беріліп, шашу шашылды. Тарихи-өлкетану мұражайында тарихи деректермен қатар, еңбек ерлері, Ұлы Отан соғысының ардагерлері туралы естеліктер орналастырылған. Сондай- ақ, мұражай қабырғасында этнографиялық бөлім орын алған. Мұражайдың салтанатты ашылу рәсімі мектеп оқушыларынан құралған көркемөнерпаздардың шағын мерекелік концерттік бағдарламасына ұласты.