Меню KDT
 "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Бидайық ауылдық округі әкімінің аппараты" КММ
«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ УӘЛИХАНОВ АУДАНЫ БИДАЙЫҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

ДОСЫМЫЗДЫҢ РУХЫНА АРНАЛҒАН ТУРНИР


2017 жылдың тамыз айының 27 күнi Бидайық ауылында досымыз, жерлесiмiз Сатыбалдин Дәурендi еске алуға арналған, ауылдың жастарымен ұйымдастырылған, футбол турнирi өткiзiлдi. Даурен көптеген спорттық iс-шараларға белсене қатысып, ауылдың дәрежесiн көтерген азамат болатын. Ол есiмiзде мейiрiмдi ақжүрек жан, адал дос, анасының сүйiктi ұлы болып қалады.Марқұм жайлы iзгi ниетпен округ әкiмi Т. Күйшiбаева, анасы және туыстары, көзкөрген жора жолдастары атынан Е. Аскаров сөз сөйледi. Бiр минуттық үнсiздiкпен еске алды. Турнирге тоғыз команда қатысты: Бидайық ауылының екi командасы, Өндiрiс ауылының командасы, Телжан ауылының командасы,Ақтүйесай ауылының командасы, Кiшкенекөл ауылының командасы, Көбенсай ауылының командасы, Көкшетау мен Астана қалаларының құрама командасы және Омбы қаласының командасы. Турнир қорытындысы бойынша IV- орынға Омбы каласы командасы (20000 тенге) ,III-орынға Өндiрiс ауылының командасы (30000 тенге) , II- орынға Кiшкенекөл ауылының командасы (50000 тенге), I-орынға Бидайық ауылының жастары командасы тұрақтап, сәйкесiнше дипломдармен, медальдармен және кубоктармен марапатталды. Үздiк шабуылшы Бектуров Ерик (Омбы қ.), қорғаушы Султанов Мухтан (Омбы қ.) және қақпашы Амангельдинов Олжас (Бидайық а.) атанып, мадақтамалармен марапатталып, ақшалай сыйлықтарға ие болды.Турнир соңында марқұмның рухына арнап ас берiлдi.