БҰРШАҚ ЖӘНЕ МАЙЛЫ ДАҚЫЛДАРДЫҢ АУРУЛАРЫНЫҢ ПРОФИЛАКТИКАСЫ ЖӘНЕ АСА ҚАУІПТІ ЗИЯНДЫ ОРГАНИЗМДЕР МАҚСАТЫНДА СЕМИНАРЫ
2017 жылдың тамыздың 22 күнi Бидайық ауылдық округiнде бұршақ және майлы дақылдардың ауруларының профилактикасы және аса қауiптi зиянды организмдер мақсатында семинар өттi. Семинарға фитосанитарлық диагностика және прогноз филиалының басшысы Гибадилов Т.М., энтомолог Апсолямов М.А., герболог Төреханов У.А., округ әкiмi Күйшiбаева Т.О., әкiмшiлiк мамандары және ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшылары қатысты. Семинар барысында энтомолог Апсолямов М.А. аса қауiптi зиянды организмдер бойынша қысқаша сипаттама және бейне шолу көрсетiп, егiстiң барлық дақылдарының жай-күйiнiң мониторингi бойынша, iрiктеу әдiстемесi жөнiнде түсiндiрiп, ауыл шаруашылық басшыларының қойылған сұрақтарына түсiнiктеме бердi. Семинар сонында округ әкiмi қатысушыларға алғысын бiлдiрiп, жұмыстарына сәттiлiк тiледi.












