«МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР – ТӘУЕЛСІЗДІК БЕЛГІЛЕРІ!»
2017 жылы маусым айының 4 күнi сағат 11-00 Бидайық ауылының Демалыс орталығында Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Рәмiздерiнiң 25 жылдығына арналған «Мемлекеттiк рәмiздер — тәуелсiздiк белгiсi!» атты салтанатты жиын өттi. Iс-шараға Бидайық ауылының тұрғындары және Бидайық кiтапханасының белсендi оқырмандары қатысты. Салтанатты жиын мемлекеттiк гимндi орындаумен басталды. Бидайык Демалыс орталығының мәдени ұйымдастырушысы Жахина А.Б. iс-шара ашық деп жариялап, мемлекеттiк рәмiздердiң шығу тарихы және авторлары жайында баяндады. Округ әкiмi Т.О. Күйшiбаева мерекемен барша қонақтарды құттықтап: «Мемлекеттiк рәмiздер — халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаhармандығы мен даналығын,болашаққа үмiтiн, арман тiлегiн жеткiзетiн ерекше құнды белгiлерi», — деп айтып бердi. Ауылдық кiтапханананың оқырмандары қазақ ақындары Оразақын Асқардың «Рәмiздер», «Көк туым», «Елтаңбасы елiмнiң», Несiпбек Айтұлының «Ту», Р. Ниязбектiң «Көк байрақ», Р. Бекбергенованың «Әнұраным», С. Назарбекұлы «Отаным менiң» т.б өлеңдерiн оқып, патриоттық тақырыптағы әндер орындады.












