«ТАРИХТАН ТАҒЫЛЫМ – ӨТКЕНГЕ ТАҒЗЫМ!»
31 мамыр күнi сағат 15-00 Бидайық ауылының Демалыс орталығында Қуғын — сүргiн күнiне арналған «Тарихтан тағылым — өткенге тағзым!» атты еске алу кешi өттi. Iс-шараға қуғын — сүргiн оқиғасында отбасы азап шеккен Менкеева Тамара Топиевна және Бидайық аулының тұрғындары қатысты. Бидайық округiнiң бас маманы Имагамбетова Гүлнәр Зендақызы сөзiнде: «31 мамыр — бүкiл қазақ баласы көкiрегiн қарс айырып, бiр сәт күрсiнетiн күн. Өлгенге иман, өткенге салауат тiлейтiн күн. Қаскөй саясаттың қанқұйлы қасап — қыспағынан қапыда мерт болған қаншама қазақ баласын жоқтайтын күн»,- деп айтып өтiп, Тамара апайымызға сыйлық табыс еттi. Менкеева Тамара өз отбасының сол қайғылы жылдарда өткен өмiрбаянын айтып бердi. Қуғын — сүргiн оқиғасында қаза тапқандар бiр минут үнсiздiкпен еске алынды. Кiтапхана оқырмандарының: Куйшбаева Мадина, Асаева Диана, Орал Назымның және мәдени ұйымдастырушы Жахина Алмагүлдiң орындауында патриоттық өлендер тындалды. Iс-шара мерекелiк дастарханмен жалғасты.












