Меню KDT
 "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Бидайық ауылдық округі әкімінің аппараты" КММ
«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ УӘЛИХАНОВ АУДАНЫ БИДАЙЫҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ


Бүгiн Бидайық орта мектебiнде оқушылар үшiн осы оқу жылына соңғы қоңырау соғылды. Кейбiр оқушылар үшiн бұл қоңырау соңғы болды және жақында оларды емтихандар мен жоғары оқу орындарына түсу сынағы күтуде. Бүгiн салтанатты жиынға мектеп бiтiрушiлер ғана емес, сонымен бiрге ата-аналар және мұғалiмдер жиналды. Қонақтар қатарында аудан әкiмiнiң орынбасары Талғат Құрманғалиұлы Сағитов болды.

Мектеп бiтiрушiлердi құттықтай отыра Талғат Құрманғалиұлы, жақсы бiлiм — табысты болашақтың ажырамас бөлiгi деп, айтып өттi. Ол оқушыларға емтихандарын жақсы тапсыруға және ойлаған жоспарларының орындалуын тiледi.

Дәстүр бойынша мерекеде ең кiшi оқушылар да шықты — бiрiншi сынып оқушылары мектеп бiтiрушiлердi құттықтады.

Шынайы құттықтау сөздерiмен Бидайық ауылдық округiнiң әкiмi Торғын Олжабайқызы Күйшiбаева және мектеп директоры Раиса Мұхаметқалиқызы Карымжанова сөз сөйледi.

Мектеп түлектерi алғыстарын ата-аналарына, мұғалiмдерiне салған әндер арқылы бiлдiрдi.