«ҰЛЫ ЖЕҢІС ЖАСАСЫН!»
9 мамыр Жеңiс күнi — бүкiл дүние жүзiнде үлкен мейрам. Бидайық ауылында Қазақстан Республикасының Отан Қорғаушылар күнiнiң 25 жылдығына және Ұлы Жеңiстiң 72 жылдық мерекесiне арналған «Ұлы Жеңiс жасасын!» атты салтанатты жиын өттi. Округ әкiмi Торғын Олжабайқызы Күйшiбаева жиналған қауымды құттықтап, сол бiр зұлмат соғыспен арамызды 72 жыл бөлiп тұр, бiрақ Ұлы Жеңiс данқы халықтың жадынан ешқашан өшпейдi. Бiз ұрыс алаңына оралмаған, сондай-ақ, осы күнге жете алмаған азаматтарды еске алып, тағзым етемiз деп, сөзiнде айтып өттi. Осы бейбiт өмiрге жете алмаған, ерлiкпен қаза тапқан боздақтар бiр сәт үнсiздiкпен еске алынды. Ұлы Отан соғысы ардагерлерiне арналған мемориалдық кешенiне гүл шоқтары қойылды. Шараға Уәлиханов ауданының экономика және қаржы бөлiмiнiң басшысы Шегебаева Сымбат Еркенқызы қатысып, ауыл тұрғындарын мерекемен құттықтап, тыл иегерлерiне және Ауған соғысының Ардагерi Есмұрат Тайкенұлы Касимовқа сыйлықтар тарту еттi. Шара ауыл тұрғындарының өнерпаздарының дайындаған концертпен жалғасты.












