«ҚОШ КЕЛДІҢ, ӘЗ НАУРЫЗ!»
Наурыздың 21 күнi сағат 1100 Бидайық ауылының Демалыс орталығында Ұлыстың Ұлы күнi Наурыз мейрамына арналған «Қош келдiң, Әз Наурыз!» атты мерекелiк iс-шара өттi. Округ әкiмi Т. Күйшiбаева көктемгi күн мен түн теңелетiн мерекемен барша қонақтарды құттықтап, бақ — береке, әрбiр шаңыраққа ырыздық пен молшылық тiледi. Бұл iс-шараға ауылдың барлық көшелерi және мекемелерi қатысты. Мерекелiк концертте шашу шашылып, Наурыз көже ұсынылды. Әр көше тұрғындары бар бiлiктiлiгi мен шеберлiгiн аянбай , ұлыстың тәттi де дәмдi тағамдарын жасап, өз өнерлерiн, қазақтың салт-дәстүрлерiн ортаға салды: «Тұсау кесу», «Бесiкке салу», «Беташар», «Келiн түсiру». Әр көше өз дастархандарына ауыл атауларын берiп, өз қалаулары бойынша безендiрдi. Әдiл қазылар алқасы әсем безендiрiлген дастархандарды бағалап, «Ең жайлы дастархан», «Ең ұйымщыл дастархан», «Қазақтың ұмытылған тағамдарын жаңғырту», «Ең қонақжайлы дастархан», «Ең қызықты салт-дәстүр», «Ең жақсы сахналандырылған салт-дәстүр» номинацияларымен марапатталды. Сонымен қатар спорттық және ұлттық ойындар өткiзiлдi: армрестлинг, шахмат, дойбы, арқан тарту, қазақша күрес, еркiн күрес және шағын футбол. Мереке өте қызықты өтiп, барлық жеңiмпаздар мадақтамалармен және сыйлықтармен марапатталды.




















