Меню KDT
 "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Бидайық ауылдық округі әкімінің аппараты" КММ
«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ УӘЛИХАНОВ АУДАНЫ БИДАЙЫҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

«АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ»


1 наурыз күнi сағат 11.00 Бидайық ауылдық округiнiң «Достық» этномәдени орталығы аудандық мерекелiк iс-шараға қатысып, қазақ, орыс және поляк тiлдерiнде ән орындады.

1 наурыз күнi сағат 15.00-де Бидайық ауылдық округiнiң кiтапханасында

«1 Наурыз — Алғыс айту күнi» атты дөңгелек үстел өттi. Округ әкiмi Торғын Олжабайқызы Күйшiбаева қонақтарды мерекемен құттықтап, алғысын бiлдiрдi.

Iс-шараға «Достық» этномәдени бiрлестiгi мүшелерi қатысты. Бiр-бiрiне алғыс айтып, Елбасымызға, Отанымызға, халқымызға ризашылықтарын бiлдiрдi.

Этномәдени орталығының мүшелерi алдағы уақытта жұмысты одан да белсендiру бойынша ой-пiкiрлерiмен бөлiсiп, шараны әңдермен жалғастырды.