Меню KDT
 "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Бидайық ауылдық округі әкімінің аппараты" КММ
«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ УӘЛИХАНОВ АУДАНЫ БИДАЙЫҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

«АУҒАН АҚИҚАТЫ»


Биылғы жылы Ауғаныстан жерiнен Кеңес әскерiнiң шығарылғанына 28 жыл толып отыр. Ауғаныстан жерiндегi соғыс тарих беттерiнде өзiндiк iз қалдырған.Осыған орай, 15 ақпан күнi Бидайық аулының Демалыс орталығында ауған соғысының ардагерлерiне арналған «Ауған-ақиқат» атты кездесу кешi өттi.

Ауған жерiнде қаза болған және елiне аман оралған жауынгер-интернационалистердi еске алу кездесу кешiне Ауған соғысының ардагерi Касимов Есмұрат Тайкенұлы, сонымен қатар ауылымыздың шекара қызметiнiң зейнеткерлерi ағайларымыз шақырылды.

Кеш басында Гимн орындалды. Ауған соғысында көз жұмған жерлестерiмiздi еске алып бiр минут үнсiздiгi өттi. Еске алуда сөз алған Ильясов Тоқсанбай және Мухамедияр Қайролла ағайлар ардагердi құттықтап, оған денсаулық тiлеп, жұртшылықты осы бейбiт өмiрдiң қадiрiн бiлуге, қасиетiн ұғынуға шақырды.

Кеш барысында ауыл тұрғыны Омаров Ағыбай, Кайданов Рамазан және мәдени қызметкерлерi Ауған және әскери әндердi орындады. Ауған соғысының ардагерiне кеш соңында естелiк ретiнде сыйлық берiлдi.

Мерекелiк кеш дастархан жайылуымен жалғасты. Ардагер қойылған сұрақтарға жауап берiп, Ауғанда өткен күндерiнiң естелiктерiмен бөлiстi. Ауған соғысы аяқталғанымен, оның салдары халықтың жадында мәңгiге сақтаулы. Себебi, бұл соғыстың әкелген қайғысы жауынгерлердiң қанымен, аналардың көз жасымен тарих беттерiнде өзiндiк iз қалдырды. Ендiгi уақытта осындай қасiрет егемендi елiмiздiң басына түспей, халқымыз аман, жұртымыз тыныш болсын!